АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата Заң күні

Сабақтың тақырыбы; «Ата –Заңымыз айбатты»

Сабақтың мақсаты: Балаларға еліміздің Ата заңын қабылдағаны жайлы толық мағлұмат беру. Әңгіме арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Отанға, туған жеоге деген  сүйіспеншілігін арттыру , өз елін отанын  сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

 

Әнұран.

 

Шаттық шеңбері:

Амансын ба, көк аспан!

Амансын ба, жер ана!

Амансын ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

 

-Арайланған күнді сүйетін кім?

-мен

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-мен

-Жарқын даланы сүйетін кім?

-мен

-Туған жерді сүйетін кім?

-мен

-Ата анасын сүйетін кім?

-мен

-Досын сүйетін кім?

-мен

-Еліміздің болашағы кімдер?

-біздер.

          Қазақстан республикасы тәуелсіз, егеменді  мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекеті  өз егемендігін алған соң 30-тамызда  1995жылы өз Ата заңымыз қабылданды.

 30 тамыз –мемлекеттік мереке  Конституция күні деп аталады.

Еліміздің  тәуелсізідгін дәлелдейтін  өз рәміздері бар.Мемлекетімізде тұратын барлық азаматтар мемлекеттік рәміздерді  білу керек.

Біздің елдің рәміздері ту, елтаңба және әнұран.

 

-  Балалар біз қай елде, Республикада тұрамыз?

- Қазақстан  Республикасында

 

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Нұрсұлтан

- Елбасымыз кім?

- Қасым-Жомарт Тоқаев

-Біз қандай қалада тұрамыз?

-Көкшетау.

-Рәміздерді қайталап айтайықшы

-Елтаңба, ту, әнұран.

 

Біздің мерекемізге арнап Торегали, Жанель, Ансар, Демид тақпақтарын жаттап келіпті, мұқият тындыайық.

 

 

 

 1-бала

Қазақстан туған жерім

Қазақстан туған елім

Балаық тілі ғой сенде

Қызығы мол бал дәурен

 

2-бала

Бақыт құшқан баламыз

Гүлдер арнап барамыз

Жаңа елдің көгінде

Жұлдыз болып жанамыз

 

3-бала

Отан деген –Атамекен

Отан деген –Туған жер!

Отан ана, отан үлкен

Қазақстан туған ел.

 

Қазақстан Республикасындағы  әр адам жұмыс істеуге, ауырған кезде медециналық көмекке құқылы.

 

-Балалар сендердің алдарында ақ қағазда бейнеленген тудын суретін бояуларын керек.

- Қане туды қарандаршы нелер бейнеленген?

- Қыран құстың бейнесін біздің еліміз қыран құстай  биікте самғасын деген ниетпен салынған.

-Ал неліктен көк түсті кім біледі?

- Аспан сияқты ашық көгілдір  болсын деген

- Күннің көзі еліміз әрқашан жылы шырайлы болсын деген ниетпен салынған.

 

Балалар алдымызда тағы бір мерекелердің бірі 1-ші қыркүйек  білім күні. Барлығы шоқ гүлдерін қолға ұстап  мектепке асығады. Әр баланың білім алуға да құқығы бар.

 

Қорытынды: 

Балалар жас бүлдіршіндерге  де арналған заң бар, онда:

 

-Мемлекетіміздің  рәміздерін сыйлауға.

-Білім алуға

-Табиғатты қорғауға

-Ата аналарға көмектесуге

 Мемлекетіміздің рәміздеріне не жатады? әрқайсысына мәлімет беру.

 

 

Жаңартылған күні: 24.09.2020 09:23
Құрылған күні: 05.10.2020 10:14

Текст