АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқыра шырша!

І кіші топтқа арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық сценарий

 

Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар, Тышқан.

 

Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.

 

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.

 

Тәрбиеші: Қане, қане балалар

Бәрің бермен қараңдар

Шырша қандай әдемі

Сәлеметсіңбе жасыл шырша

 

Ән «Кішкентай шырша» (хоровод)

 

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, қазір біздің ұлдарымыз би билейді.

Би «Аңдар»

 

Тәрбиеші: балалар,  бізге қонаққа Аяз ата келе жатқан сияқты. Бәріміз бірге оны шақырайық.

Балалар :  Аяз ата (3 рет).

Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

 

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар мен қонақтар!

Мен сендерге қонаққа келдім. Шырша қандай әдемі екен (шырша айналасында серуендейді).

 

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, Аяз ата мен Ақшақар.

Бұл не, шыршамызға не болды? Неге шырша шамдары сөндік екен.

Балалар сиқырлы сөздерді айтып көрейік.

 

Ал, балалар бәріміз бірге :

Шырша шамы жан, жан (3 рет қайталау).

 

Аяз ата: Балалар, сендер тақпақ білесіңдер ме?

 

Балалар тақпақ айтады.

 

Әлихан

Жылдың әнін бастайын,

Аяз – Ата кеп қалды.

 

 

Мирас

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын Жаңа Жыл.

 

Дина

Жаңа жылым мол болсын

 

Муслима

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

 

Аружан

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

 

Ризат

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

 

Жанна

Аяз – Ата келгенде

Билейміз, ән саламыз.

 

Қанат

Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

 

Ансар

Тауда туып

Тауда өсіп

Шырша келді ортаға.

 

Алим

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда жаңа жыр.

 

Артем

Жаңа жыл келді

Көп қуаныш әкелді.

 

Айлин

Аяз ата келді

Бізге сәлем берді.

 

 

 

Ақшақар:

Уа, халайық жарандар

Айналаға қараңдар

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шап болып

Шаттық күліп тараңдар.

 

Ән «Ақшақар» (қыздардың орындауында)

 

Ақшақар: Жарайсыңдар. Қандай әдемі ән екен.

Тәрбиеші: Рахмет, саған Ақшақар, біздің қыздарымыз өте тамаша ән айтты, қошемет көрсетейік балалар.

 

Ақшақар: Балалар мен сендерге ойын ала келдім, кім ойнағысы келсе,  ортаға шықсын.

 

Ойын «Ұлпақарлар жинау»

 

Тәрбиеші: Ақшақар, біздің қыздар сенімен бірге «Ұлпалар» биін билегісі келіп отыр.

 

Би «Ұлпалар» (қыздар)

 

Ақшақар: Көп- көп рахмет қыздар. Ойын да ойналды, ән де шырқалды, би де биленді. Тамаша.Бірақ ,жаңа жылды тышқансыз қалай қарсы аламыз?

 

(осы кезде залға тышқан жүгіріп келеді)

 

Тышқан: Сәлетметсіздер ме балалар, Аяз ата, Ақшақар және қонақтар. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

Мені таныдыңдарма?  Мен тышқан, жаңа 2020 жылдың басымын.

 

Тышқан балалармен бірге шыршаның қасында билейді.

 

Аяз ата балаларға сыйлық таратады.

 

Аяз ата, Ақшақар: Ой, Бәрекелді балаларым!

Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!

 

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар 2020 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды, көріп тамашалағандарңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын!

 

Жаңартылған күні: 08.01.2020 15:41
Құрылған күні: 05.02.2020 10:51

Текст