АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолда жүру ережесі

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

 

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе :  Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді.

Жол тәртібін  бұзба ол  қатер  тудырады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Сондықтан әрбір бала оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдауға міндетті .

Үлгілі , тәртіпті бала көшеде, жолда  жүру ережесін заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала . 

ІІ. Негізгі бөлім:

Жұмбақтарды шешу:

1. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

2.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

3.  Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

4.   Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

Тәрбиеші : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені балалар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.    Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.    Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 

 

Тақтада

Қызыл – Тоқта!

Сары  – Сақтан!

Жасыл – Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.  

Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Бала қалай өтетінін көрсетеді.

Сақтандыру , ескерту белгісі

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі 

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

 

Міндеттеу белгісі

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе  Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

 Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

 

Жаңартылған күні: 30.01.2020 09:52
Құрылған күні: 05.02.2020 10:51

Текст