АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сиқырлы күз!

«Сиқырлы күз»

 

Мақсаты:Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орман корінісімен безендірілген залға кіреді. Зал әсем шарлармен, ойыншықтарман және жапырақтармен әдемі безендірілген. Балалар залға музыкасымен көңілді кіреді. Ән біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

 Би билейік, ойнайық.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері!

 «Сиқырлы күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші: Дұрыс балалар.

Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф... үрлейді)

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге не келе жатыр? (тыңдайды)

Күз ханшайымы келеді:

Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

 Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Жүргізуші:  Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін  тамашалаңыз.Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба  ?

Күз ханшайымы :  Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге  Қыркүйек,  Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.

Жүргізуші: Балалардың мерекелік тақпақтарына кезек берейік.

1) Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.  (Лаура)

 

2) Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.   (Димаш)

 

 

 

3) Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді   (Төреғали)

 

4)Келді міне күз,

Айналасарытүс.

Керемет, тамаша,

Қандайәсемкүз.(Зейнеп)

 

Ән «Алтын күз»

 

«Бұлт пен күн» ойыны ойналады.

( Ән ырғағымен балалар билеп жүреді, әуен тоқтағанда балалар  қолшатырға  тығылады. 2-3 рет ойналады)

 

Күз ханшайымы: Тамаша, балалар!Ал, балалар, сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар. Қане, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші.

 

5) Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.    (Жансель)

 

6) Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.  (Ансар)

 

7) Күзде жауын. Бұлт. Тұман.

Сары жапырақ жауады.    (Алихан)

 

8)  Листья золотые падают летят

      Листья золотые устилают сад

      Много на дорожках листьев золотых

       Мы букет хороший сделаем из них           Демид

 

9)  Күзім ау, күзім ау

Мінезін бұзық ау

Жанбырын сіркіреп

Жауғанын қызық ау      Ерасыл

 

Күз ханшайымы:Керемет балалар сендер маған би билеп бердіндер коңілім көтеріліп қалды.

Менің ормандағы досым ән мен биді естіп сендермен танысқысы келеді

Музыка ырғағымен ортаға қоян шығады

Қоян: Сәлеметсіндер ме балалар мені таныдыңдар ма? Мен сәбізді жақсы көремін.

Балалар: Сен қорқақ қоянсын

Қоян: балалар  сендер би билей аласындар ма?

Орнымыздан тұрып бөпақтар биін билейік

«Бөпақтар» биі

 

Қоян: бәрі келді, жарайсындар!

Жүргізуші:Қане бабалар, қоянға тақпақтар айтып берейік

 

10) Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты     Жанель

 

 

11)Сап сары манай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

 Құскетті қайтты       Ясмин

 

 

12) Қарашы күз келді

Күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Қара бұлт қабағын түйеді              Карим

 

Би: «Қолшатыр» қыздар билейді

Күз ханшайымы: Ой, балалар,қандай тамаша биледіңдер, сендермен уақыт өте көңілді өтті.

Қоян:Балалар бір ойын ойнап жіберсек қайтеді

Ойын- эстафета: «Кім жылдам»

Балалар екі топқа 5 баладан бөлінеді , әр топқа қолшатыр беріледі. Жерге шенбер (обруч) қойылады Музыкамен бір бірден қолшатырды алып шалшықтан айналып өтіп келіп келесі балаға қолшатырды  беруі тиіс. Кейін ойын жалғаса береді. Қай топ бірінші боп шықса сол  женеді.

 

Жүргізуші: күз ханшайымы, қоян, біздің ұлдарымыз сіздермен бірге флешмоб биін билегісі келіп тұр

Күз ханшайымы, қоян: Жақсы билесек  билейік

Ән: «Күз тамаша» балалар әнді қимылмен жасайды.

 

Күз ханшайымы балаларға алмалар үйлестіреді.Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен «сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Жаңартылған күні: 19.10.2020 10:12
Құрылған күні: 19.10.2020 10:12

Текст