Текст
26 қантар "Алма" тобында "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" атты ашық сабақ өткізілді
Мақсаты: Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам жол ережесі, жол белгілері туралы білімдерін бекіту; «Бағдаршам» туралы түсініктерін жетілдіру.
Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршам қызметімен таныстыру.
Зейінін, есте сақтау, түсті айыра білу қабілеттерін дамыту.
Көшеде жүру ережесін білу арқылы, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу .
Көрнекіліктер: Бағдаршам, көліктер, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақты қорытында келе балалар көп нәрселер біліп, сабақты жақсы көңіл күймен аяқтады