Текст
"Шұғыла" шағын орталығының кішкентай бүлдіршіні Абаенова Айлана Азаматқызы Достар мәдениет сарайында өткен "Көкше ханшайымы" атты конкурсқа қатысты. Өз өнерін ортаға салып көрерменді тәнті етті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен сайысқа әнмен шашу шашты. Аталған тақырып бойынша анасы Зауре мен әжесі қолда бар заттардан қазақ костюмін ойластырып тігіп берді.Біз кішкентай жұлдызымызға алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейміз. Биік-биік шыңдармен үлкен-үлкен киелі сахналардан көруге тілектеспіз. Айлана өнерің өрге жүзсін, әрқашанда ақ жол!