Сабақтын тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат».
Мақсаты: Балалардың сандар және түстер жайлы түсініктерін бекіту. Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік сыңары:Бір-один, екі-два, үш-три,төрт-четыре, бес-пять.
Көрнекіліктері: Сандар,пішіндер, компьютер
Әдіс - тәсілдер: , сұрақ - жауап, көрсету,түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру,
дьенеш блоктары,триз.
I Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар бүгін бізде ерекше күн қарандаршы бізге қонақтар
келді. алдыменен қонақтармен амандасып алайық.
2.Жылулық шеңбер:
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын алайық!
Жиналған жылы шуақты!
Қонақтарға сыйлайық!
-Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеді ме?
-Қазір біз сиқырлы математика еліне саяхатқа аттанамыз.
Автобус әнімен саяхатқа шығу
«Саябақ» аялдамасы
-Балалар саябақ аялдамасының мынадай тапсырмасы бар.
1-тапсырма:
1.Санға сәйкес жеміс-көкөністерді теріп алыңдар
-Айтып беріңдер, қандай сан және неше жеміс тердіңдер.
«Түрлі-түсті пішіндер» аялдамасы
1-тапсырма
Шарлардың түр-түсін атап көрсет
2-тапсырма
1-топ: жасыл түске суреттер жина
2-топ:ақ түске сәйкес суреттер жина
3-топ:қызыл түске сәйкес суреттер жина
3-Бағдаршамда неше көз және түр түсін ата
«Демалу орталығы» аялдамасы
Сергіту сәті
«Сандар» аялдамасы
1-тапсырма :Санға сәйкес заттарды құрастыру(пазл түрінде карточкалар).
2-тапсырма: Заттарды өсу және кему ретімен қою және санату.(матрешка)
Жұмбақ:
-Бір сиырдың неше аяғы бар?
-екі түлкінің неше құйрығы бар?
-бір қоянның
неше құлағы бар?
Ойын ойнайық аялдамасы
«Хан талапай»
ұлттық ойын
-Балалар бүгін қайда бардық?
-Саяхатта біз не істедік?
-Балалар сиқырлы математика елінің патшайымы сендерге арнап сыйлық беріп жіберіпті.
-бүгін сендер жақсы,білімді,тәртіпті болдыңдар .
Қоштасу шеңбері: Көріскенше күн жақсы.