АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.12.2018

Ғажайып қыс! 

Зал мерекеге

сай безендірілген. Балалар музыкалық әуенмен ортаға кіріп шыршаны бір айналып

шығады. Шыршаның алдына шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші:Армысыздар ардақты ата

– аналар, Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән,

сәнді би, қызықты ойынмен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

Бүгін сізге

жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге

толы болсын маңайың.

Көргендер де

көрмегенде де арманда.

Жаңа жылың

құтты болсын, ағайын.

Бәрекелді,

бәрекелді!Құрметті халайық, аяулы бүлдіршіндер!Бүгінгі жаңа жыл кешін

барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді би, қызықты ойынмен өткізуге

ат салысамыз деген үмітіміз бар.

 Жүргізуші:Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға

береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Армысың,

аманбысың Жаңа жылың.

                        Жаңа жылым!О, менің

Жаңа жырым!

                        Қой жылы келгенде, сый

ғып тартып,

                        Ақтарайық әнменен көңіл

сырын.

Тақпақтар:Жылдың әнін бастайын,

         Аяз Ата кеп қалды.

         Майысады жас қайың,

         Көтере алмай көп қарды.

1 бала:Аяз Ата ойды –

қырды

            Аралап жүр түгел шолып.

            Қарсы алғалы жаңа жылды,

            Ол да көптің бірі болып.

            Қайда қызық болса думан,

            Аяз Ата сонда болды.

            Күндіз үйде ойнап бізбен,

            Балалармен бірге болды.

2 бала:Бақша іші мереке,

               Ойын – күлкі асқақ ән.

               Жақсы әпкелер жаңа кеп,

               Мерекені бастаған.

3 бала:Жаңа жылды қарсы

алдың,

          Мініп алып күймеге.

          Мен де бүгін ән салдым,

          Араластым биге де.

4 бала:Жаңа жылың жаңа нұр

ала келсін

                Қуанышқа құшағың тола берсін.

                Ескі жылың есіркеп көкейіңде

                Қимас шақтың бірі боп қала

берсін.

 

Ән:«Жаңа  жыл»

 Жүргізуші:Балалар, әр келген жаңа жыл бізге қуаныш, шаттық және де

сиқылы әлемді алып келеді.

Аққала:(көңілсіз, жылап,

мұнайып топқа кіреді) мен мұрынымды жоғалтып алдым, көңіл-күйім

болмайтұрғаны-ай.

Жүргізуші: Аққала сен

мұнайма, көңілінді көтер, сәбізді тауып аласын, уайымдама. Балалардың әнін,

өнерін тамашалап көңілінді көтер.

Ән: «Ақша қар»

Жүргізуші: Балалар, жаңа

жылды бір кісісіз елестету мүмкін емес. Ол кісі кім деп ойлайсындар? Өте жақсы,

балалар.Дұрыс.Құрметті халайық!Бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп,

алтындатқан шанасымен Аяз Ата мен Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Жүргізуші:Қуаныңдар, ағайын,

тамсаныңдар.

                        Сүйінішпен маңайға жар

салыңдар.

                        Аяз Ата келеді

Ақшақармен,

                        Қол соғып қошеметпен

қарсы алыңдар!

Аяз Ата:Ассалаумағалейкум,

Жыр кешкен ел,

              Нарына нарық заман мінгескен ел.

              Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

              Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Жүргізуші:, сәлеметсізбе Ата!

Аяз Ата:Уағалейкумассалаум,

балам!

Балалар:Армысыз Аяз

Ата!Армысың Ақшақар!

Аяз Ата:Бар бол, балам!Біз

қай жерге келдік, қарағым?

Жүргізуші:Бұл «Шұғыла» шағын

– орталығы «Алма» тобының балалары.

Аяз Ата:Бәрекелді балам!

«Шұғыла» балабақшасының балалары өнерлі, талантты деп естідім.Ендеше,

балалардың тақпақтарын тыңдап көрелік.

Аяз ата: Аққала, ал сен неге

көңілсізсін? Не болды?  Мінекей менің

қалтамды аппаққардай жеміс бар. Сол жемісті жеші өте пайдалы.

Жүргізуші:Қазір балалардың

биін тамашалайық.

Би:«Эскимо»

Аққала: шыршаны айналып

жүріп сәбізін тауып алады. Ол өте қуанады.

2 – жүргізуші:Құрметті

ата-аналар балалардың тақпақтарын тыңдап көрелік.

5 бала:Аяз келді қахарлы

             Айналаны қар жапты.

             Ақ тон киіп орман тұр.

             Дәл атамдай салмақты.

6 бала:Оралдың өлкеме,

           Жаңа жыл армысың.

           Оранды ақ көрпеге,

          Асқар тау  қарлы шың

  7 бала:Ақ қырауға малынған

            Сақалы да, мұрты да.

            Аяз Ата сағынған,

            Сәлем берді жұртына.

8 бала:Безендіріп шыршаны

            Жыл қуантты баршаны.

            Той – маскарад басталды,

            Аяз оны басқарды.

9 бала:Аппақ тонға оранып,

             Базарлықты мол алып.

             Келді алыс сапардан,

             Аяз Ата оралып.

10 бала:Ауыл алды ақша қар

              Ақшақарда балалар.

              Соғып жатыр аққала,

              Жалқауы жоқ жұмысқа.

 

 

 

11 бала:Әдемілеп біз  ілген

Ойыншықтар  тізілген

                Қандай  әсем 

шыршамыз

                Ән  шырқайық 

баршамыз

12 бала:Жүзімізге  күлкі ойнап

          Қанаттанды  жанымыз            

          Жаңа жылды біз тойлап

         Шаттанамыз  бәріміз

1 – жүргізуші:Балалар,

қазір Аяз Ата мен Ақшақарға арнап әсем ән орындап берейік.

Ән:«Қар»

Аяз Ата:Бәрекелді,

балалар.Өте жақсы.Мен сендерге ризамын.Балалар, мен сендермен қазір қызықты

ойын ойнағым келіп тұр.Ойнаймыз ба?

Балалар:Иә, Аяз Ата, бірге

ойнайық.

Ойын:«Сыпырғыш»

Ойын шарты:аққала

балаларды шеңберге тұрғызады. Сыпырғышын айналдырып сермейді. Балалар артқа

жүру керек.

Ақшақар: Аяз ата шыршаға

қараңызшы шамдарын жағылмапты. Барлығымыз жағайық.

Жүргізуші:Қазір

балақайларымыздың  Аяз Атаға арнаған

тақпақтарын тыңдап көрелік.

13 бала:Лебі мұдай ызғарлы,

            Алып келді қыс қарды.

            Қысқа түндер ұзарды,

            Ұзақ күндер қысқарды.

14 бала:Аяз сүйіп қарсы

алған,

             Жердің аппақ тұлғасы.

             Қыстың айы – Қаңтардан

             Басталады жыл басы.

  15 бала:Көкті бұлт тұмшалап,

               Жер ақ тонын киеді.

               Шұнақ аяз шымшылап,

               Ақ бетіңнен сүйеді.

               Түзде қарлы боланда

               Тау басынан түсті ме?

               Аяз ата оралды,

               Ақ қап киіп үстіне.

16 бала:Аралайды бақшаны,

               Үзілмейді жақсы әні.

                Гүлденеді бақшалар, -

17 бала:Аяз Ата ақ сақалды,

              Ақ таяқты паң ата.

             Асып өтіп асқар тауды.

             Жеттің бізге таң ата.

18 бала:Қайда қызық думан

болса,

             Аяз Ата сонда болды.

             Балалармен бірге ойнап,

             Балалармен бірге қонды..

19 бала:Жаңа жылды

біз тойлап,

                  Шаттанамыз бәріміз.

                  Өлең де әзір, ән әзір,

                  Ойын да әзір – бәрі әзір.

                  Кел, Жаңа жыл, біздерге,

                  Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Би: «Топ- топ»

Би: «Ақшақар»

Аяз ата: менің сендерге

әкелген сыйлығым бар еді, таба алмай тұрмын. Балалар көрдіндер ме? Әлде мен

жолда ұмытып кеттім бе?

Аққала: Жүгіріп сырттан

сүйреп алып келеді, бір-екі баладан көмек сұрайды.көтерісуге.

Аяз Ата:Балалар, мен

сендердің өнерлеріңе өте тәнті болдым.Енді бізді басқа балабақша балалары тосып

отыр.Өнерлерің өрге жүзсін, балақайлар!

Жүргізуші:Балалар, ендеше Аяз

Ата мен Ақшақармен қоштасайық.Келесі жылы кездескенше, сау болыңыздар!

Жүргізуші:Құрметті ата –

аналар және әріптестер, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.Жаңа жыл тек

отбастарыңызға жақсылық пен қуаныш ала келсін.Еліміз тыныш,бейбіт заман болсын

деймін.Осымен ертеңгілігімізтәммам.Қош сау болыңыздар.

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст