Текст
2019 жылы 26 сәуірде «Шұғыла» шағын орталығында «Бала бақшада шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастырудағы кешенділік» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Шағын орталық әдіскері «Бала бақшада шынықтыру-сауықтыру жұмысы» атты әдістемелік кеңес бере отырып, ата-аналардың қатысуымен спорттық мерекелер мен сауықтар ұйымдастыру жұмысы туралы айтты. Топ тәрбиешілері «Бала бақшада және отбасында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру» «Бала бақшада және отбасында қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» тақырыптарында тәжірибе алмасуға шолу жасады. Шағын орталықтың педагог-психологы «Физикалық даму – психикалық денсаулық кепілі» баяндама жасады. Топтарда «Денсаулық – бұл өмір» тақырыбына жасалған жылжымалы буклеттер талқыланды.