31 мамыр 2019 жылы шағын орталықта Балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті. Мерекеге алдын ала дайындық жүргізіліп, топ бөлмелері безендірілді. Таңертең балаларды музыкамен қарсы алып, тәрбиешілер құттықтап, көңілді суреттер сыйлады. Сауық көрсету үшін клоун шақырылды, ол балалармен көңілді ойындар ойнатып, би илетіп, ән салып, балалардың көңілін көтерді. Соңында ұзынша шарлардан әр түрлі мүсіндер жасап беріп, қуанышты балалармен суретке түсті. Одан кейін сәбилер далаға шығып, сабын көпіршіктерін үрлеп, асфальтқа "Алақай, жаз!" тақырыбына суреттер салды. Екі топ арасында жарыстар өткізілді.
1 Маусымда шағын орталықтың бір тпо балалары клоунда киімінде қалалық парадқа қатысты. Ол күні қызметкерлер мен ата-аналар да белсенділік танытты.