Текст
26.06.2019 ж. "Шұғыла" шағын орталығының бір топ балалары "Көкшетау қаласының тарихы" мұражайына барды. Балалардың назарларына өз деңгейлерінде қарапайым тілде мұражайдың экспонаттары мен экспозициялары таныстырылды. Олар қаланың іргетасы қалай қаланғаны, өсіп жетілгені, әр кездері қандай өзгеріске ұшырағаны туралы қызықты ақпарат тыңдады. Қазір сәбилер өздерінің кіші Отаны болып саналатын бүгінгі қаланы біледі және оның дамуын өз көздерімен көріп отыр. Бұл да ертең тарихқа айналатыны сөзсіз.