АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инновациялық технологияға байланысты ашық сабақ

11.02.2020

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Өтілетін орны: «Алма» тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Қысқы шыршалар»

Мақсаты: Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, балауызбен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ,сурет дәптері, бояу, шырша және қыс бейнеленген суреттер, сүлгі.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, көрнекілік.

Мотивациялық–түзету:

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!»-деймін мен. 

- Балалар бүгінгі ашық оқу қызметімізді мен жұмбақпен бастасам деймін, келісесіңдерме?

- Иә

- Ендеше мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ

  1. Шанамен зырғып желетін,
    Шаңғы, коньки тебетін,
    Аққала жасап ойнайтын
    Қай мезгіл деп ойлайсың? – Қыс
  2. Қыста ғана болады,
     Ұстасаң қолың тоңады
    Ол не? – Қар
  3. Жасыл ине киімім,
    Жайлаймын тау биігін.
    Жаңа жылды тойласаң
    Төріңдемін үйіңнің. – Шырша

 

- Жарайсыңдар, Балалар өте дұрыс

- Қазір қай мезгіл?

- Қыс

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Үш айдан

- Қыз мезгілінің ай аттары қалай аталады?

- Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

- Қыста қандай ерекшеліктер болады?

- Қар жауады, боран соғады, күн суытады, жылы киімдер киеміз.

 

 

- Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіндер ме? Кім айтып береді?

Айша Бибі

Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз

 

Айсауле

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

 

Зейнеп

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

 

Ұйымдастырушылық-ізденіс:

- Ендеше, балалар біз бүгін қысқы шыршалар туралы әңгімелейміз.

- Балалар мына суреттерге назар салыңыздаршы, қандай сурет бейнеленген?

- Шыршалар

- Дұрыс шыршалар, олар орманда өседі. Шыршалардың түрлері көп болады, үйде де өсетін шыршылар болады. Тауда өсетін шыршалар да бар.
- Үйде өсетін шыршаларға үлкен күтім керек балалар, өйткені олардың отаны тау бөктері, орман болып келеді.

- Ал мына суретке қараңдаршы, жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Қыс

- Жарайсыңдар, балалар дұрыс, қыс мезгілі бейнеленген.

- Балалар, сендер байқадыңдарма шыршалардың қыстағы түсін?

- Иә

- Қандай түс екен?

- Жасыл

- Яғни, балалар шыршалар жылдың төрт мезгілінде де, басқа ағаштар сияқты емес, жасыл болып қала береді.

- Ендеше қазір біз сендермен балауыз арқылы осы шыршаларды салып, бояумен бояймыз.

Тәрбиеші балаларға сурет салуға көмек береді.

- Ал енді қане, балалар саусақтарымыз шаршап қалды, олай болса саусақтарға арналған жаттығуларды жасайық.

 

Сергіту сәті:

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп,

Билеп, билеп алады.

- Ал енді балалар оқу қызметімізді ойынмен жалғастырайық.

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік:

Тәрбиеші балалардан сурет арқылы сұрақ- жауап алады.

Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, бірге талдау жасайды.

Ағаштардың пайдасы жайында қысқаша әңгімелеп, қорытындылайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыста да шыршалардың түсі өзгермейтінін.

Игереді: Қыс мезгілінде шырша ағашының жапырақтары басқа ағаштарға қарағанда түспейтінін.

Меңгереді: Балауызбен шырша суретін салуды  

 

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст