«Біз салауатты өмір-салты үшін»
Мақсаты:
1. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Қажетті құралдары: Үлкен доптар, кедергілер, шелектер, кішкентай доптар.
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.
II. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі
«Біз салауатты өмір – cалты үшін» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа ортанғы топ балалары қатысады. Балалар 3 топтан 6 бала болады.
Жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
Ал құрметті ата аналар
Біз салауатты өмір – cалты үшін» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер!
Жұмбақ жасыру,жұмбақ өлең.
Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір ,ласың
Тап-таза боласың. Бұл не? (сабын)
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)
Аузы жоқ,көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар Бұл не? (тарақ)
Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ (су)
**************************
Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе (Доп)
***********************
Отыз екі мықты,
Қаз –қатар болып шықты,
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (тіс)
-Балалар, жұмбақтың шешуі қандай заттар?
-Тазалық сақтайтын заттар
Жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
1. «Жалын» тобы,
2. «Қыран» тобы,
3«Тұлпар» тобы
Сайыс 5 кезеңнен турады:
«Актерлік шеберлігімізді байқайық!»
Мазмұны: Ортаға екі ата - анадан шығарып, оларға көрсетпей бастарына аң немесе жануардың бейнесі бейнеленген масканы кигіземіз. Ойнаушы өзінің қандай маска киіп тұрғанын білмеуі керек. Оған қарсы тұрған ойнаушы оның басындағы аңды қимылмен көрсете білуі керек. Ойын осылайша әрі қарай жалғасады.
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
2-тур: «Кім мықты» ойының шарты: әкелері қол күреседі. 3-тур: Қасықпен доп тасу
Шарты: Ағаш қасыққа кіші көлемді доп салынады, сол допты кеглядан айланып жылдам келесі балаға тапсыру.
4-тур «Кім епті?» сайысы
Шарты: Баласы кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, алдарында тұрған мандариннен біреуін алып тез аршып жейді. Келесі анасы, әкесі дәл осылай қайталайды.
Ережесі: шартты бұзбау, сайыстың балыс жылдам тез келуімен есептеледі.Дайынбыз ба? Қалыспа, дайындал! Бір, екі, үш. Алға!
5-тур «Жүйрік ат» эстафетасы
Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!
III. Қорытыңды бөлім
Әділ қазыларға сөз: командалардың ұпайлары
Жарыстың қорытындысы шығару.
Топтарды марапаттау, сыйлық беру.
Жүргізуші:Дене шынықтыру керек бәрімізге,
Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге!
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру – сырқауды жолатпайды тәнімізге.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Дендеріңіз сау болсын!