АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аяулы Анашым!

06.03.2020

«Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің барысы: 
Жүргізуші

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

(Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.)
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Бұл кім балалар?

Балалар: Ана, Ана, Ана.

Ән «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Таппақтар:

Айсауле:

Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

8-ші наурызбен

Айша Бибі

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де

Нариман

Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

Арлана

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Ақылжан

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

 

-Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады? Көктем мезгілінде

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

 

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық

Музыка әуенімен Көктем кіреді

Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Көктем:Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

түбіне тал еккенмін

Жүргізуші:Амасың ба! Ару Көктем Біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз

Көктем:Рахмет сендерге балалар!

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызда кәзір балаларымыз  ән айтады

Ән  «Көктем»

Тақпақтар: 

Жансель
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Дияр
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

М. Сабина
Бәрімізге  де анамыз
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Данажан

Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!

Би «Нәзік»

Ойын «Тапшы кімнің анасы»

Ән «Әжемнің шәйі»

Таппақтар:

А Тамирис

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.

 Лаура
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!

Демид

Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

Зейнеп

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,

Төреғали

Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.

Айзере
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.

Медина

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Асылан

Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

К. Сабина

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Алдияр

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
К Тамирис

Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді

Батырхан

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Рамина

Әлпештеген баласын,
айналайын анашым

Дінмұхаммед

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Мейрамын мен құттықтаймын.

Жанель

Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар

Би « Ұлдар биі»

 Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст