Тәрбие сағаты: «1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні.»
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
Армысыздар, құрметті қонақтар! Тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары,
ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен
Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасы осындай
дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп
жатқанымыз кімнің арқасында деп
ойлайсындар?
- Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер
танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
-Олай болса президетімізге, елімізге
жерімізге арнап тақпақтарын жаттаған
Дінмұхамед, Аделя, Ислам, Бекарыс, Жазираны
ортаға шақырайық.
Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өс, жас қауым.
Оны ардақтап,сүйе біл.
Дінмұхамед:
Көгінде күн нұрын
төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем!
Осы менің туған өлкем.
Айлана:
Биіктей бер Нұр аға
Қыран қанат талмасын
Қадірлемей тұра ма
Халық сіздей тұлғасын
Бекжан:
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап
келейік.
Арлана:
Жү Асқар тауы
Айна бұлағы бар
Бақша бауы бар
Бақытты ұланы бар.
Сабина:
Құрылысы алып
Түрі кен, көмірі бар
Тәуелсіз халық
Бейбіт өмірі бар.
Тәрбиеші: Шықты
тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті - дей келе,
слайдқа назар аударыңыздар!
«Кім шапшаң» ойыны. Ойынның шарты; Балалар екі
топқа бөлініп, топтың аты сайланады.
Берілген қималардан
байтерек, ту, т.б құрастырып жапсыру.
Арманы бір, үні бір
Ардақты аға, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Президент күні бұл.
Алуа:
Туған жер- жыр әнің.
Аяла әр тасың!
Суын іш тұманың,
Құмарын тарқасын.
Арнұр:
Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өс, жас қауым.
Оны ардақтап,сүйе біл.
Мансур:
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Томирис:
Ел таңба тұр төрімде
Жарқыраған күн болып
Нұрын шашып өмірге
Жырланады ол жыр болып.
Айлин:
О алақай туған жер!
Жақсы ау бақша бауларың!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларын.
«Алма»
тобының орындалуында «Туған ел»