Тақырыптық сабақ: «Тәуелсіздік тұмарым»
Мақсаты: Балаларға
Тәуелсіздік туралы түсінік
беру.Егемендік еліміздің тәуелсіздігін
атап өту қарсаңында
еліміздің тарихына шолу жасап өту.
Ынтымыақ пен
татулықта бірлігіміз жарасқан
қазақ елі екенімізді
мақтана айтуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң балалар.
-Өте жақсы балалар қараңдаршы бүгін сендер
қандай сұлусыңдар. Ендеше біздің қазіргі тәрбие сағатымызды
еліміздің тәуелсіздігіне арналады.
Мен қазақпын , мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мың тіліммен,
Жылғанда таныстым мұң тіліммен,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген,
1986 жылғы отты оқиғаны Тәуелсіздіктің аңсаған елдің ширыққан намыс деп бағалаймыз.
Жүргізуші:
Желтоқсанның ызғарына қатысқан,
Қарапайым қазақ халқы алысқан,
Алға ұмтылған ардақты да, аяулы,
Саясатқа көз бұрған,
Талай қазақ қыздары мен ұлдары
Келешектің қамын ойлап тартысқан
Ендеше тарих беттерінен шолу жасап өтейік.
Бұл суреттерде мыңдаған қазақ
қыздары мен ұлдары елі үшін, жері үшін көтеріліске
шықты.1986 жылға желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.
Жүргізуші: Тарихымызда ерекше оны бар, бәріміз куәсі болған
халықтың қасіреті мен ар-намысы сонымен бірге
мақтанышына айналған 1986 жылға
Желтоқсан оқиғасы қазақ халқын дүниежүзілікке танытты
Біздің балалар осы тәуелсіздікке арналған тақпақтары бар екен.
Жүргізуші
Желтоқсанның құрбандары әрқашан,
Еске аламыз алаулаған оттай боп,
Өмірге бір басын сүйреп алысқан
Құрбандарға бас иеміз бәріміз.
1.Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр әнім,.
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік
Қолда елімді, қасиетті Құраным.
2.Қазақстан, менің асыл аймағым.
Қуантады күнге құшақ жайғаның
Өзіңді өзің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап,
3.Қазақстан біздің туған ұлы Отан.
Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңілік.
4. Туған елім, туған жерім,
Бейбіт болсын жерімде,
Өмір бойы елімде.
Болсын достық береке.
5.Рәміздерім - елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші,
Әнұран, көгілдір Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Ерлігі еліне үлгі, ұрпаққа ұлағат қазақ халқының перзенттері ретінде желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жариялайық.
Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете
білген ата-бабамыздың табанды күресінің арқасында бірлігін
сақтай отырып қазақ деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді.
Бұл қазақ халқы үшін ,Қазақстанды Отаным,елім,жұртым деп білетін әрбір Қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш.
Ол - Тәуелсіз Қазақстан.
Сұрақ-жауап.
1.Балалар қай
мемлекетіміздің азаматымыз?
-Қазақстан.
2.Ұлтымыз кім?
-Қазақ.
3.Біздің елбасымыз Н.Әбішұлы Назарбаев
Біздің рәміздеріміз
қандай?
-Елтаңба ту әнұран
Балаларға үй тапсырмасы берілген болатын. Ол
үшін Рамазанмен Мансурды ортаға шақырамыз. ( Слайд көрсетілімі.)
Біздің балаларымыз
келешекте солдат болып елін жерін
қорғаймыз дейді.
Ендеше ортаға:
Рауан, Аделя, Адинаның орындауында «Солдат болам мен ертен.» әнімен ортаға қошеметтеп шақырамыз.
Балалар Қазақстан
Республикасының Елтаңбасының бастысы шаңырақ.
Ал шаңырақ кигіз үйдің күмбезісі. Ондағы уықтар ақылы
алтын сәулелерін шашып тұрады.
Ойын: «Шаңырақ» ойынына ортаға
шығамыз.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсандықадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Ән: «Туғанжер» Балаларға тулар таратылады.
Қыран құсым көкаспанда самғасын.
Желбіресін көк байрағын сан ғасыр.
Жас ұландар берік ұста туынды
Жарқыратып туған елдің таңбасын! – деген ақ тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.