Ашық сабақ: «Су-өмірдің нәрі.»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Алма» ортаңғы тобы.
Күні: 31.05.2017ж
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Су-өмірдің нәрі.»
Тәрбиеші :Узбекова Гүлнұр Амангелдіқызы
Мақсаты: Білімділік: Балаларға су туралы түсінік беру және судың
қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі
маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, су жайлы түсініктерін
қалыптастырып дамыту. Ойын түрлері арқылы табиғатты қорғай білуге үйрете отырып, сөздік қорын дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Тәрбиелік: Қоршаған
ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Балаларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.Суды үнемдеп пайдалануға және қазіргі кезде
адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы
қорғауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: аудио таспа
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Билингвалды компонент: Су –вода, сұйық-жидкий
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Сәлеметсіңбе күннің көзі! Сәлеметсіңбе, жердің жүзі! Сәлеметсіңбе, күн! Сәлеметсіңбе түн! Сәлеметсіңбе сен! Сәлеметсіңбе мен! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар бір біріне тілектерін айтады. Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Қандай ай? Көктем мезгілініен кейін қандай мезгіл болады? Балалар сендер балабақшаға келгенде ауа райын бақылаған шығарсындар. Бүгін ауа райы қандай? -Жақсы балалар Аудио- таспа, судың дыбысы. -балалар біз қандай дыбыс естіп тұрмыз? Әрине бұл судың дыбысы -Балалар сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы су туралы болады.
|
Көктем мезгілі Мамыр
Ашық,күннің көзі жарқырап тұр
Судың дыбысы
|
|
|
. -Сендер қалай ойлайсыңдар су бізге не үшін керек? Әлде керек емес пе?
|
Су керек, ішу үшін тамақ пісіру үшін, Жуыну т.б | |
Ұйымдастырушы-ізденушілік
|
-Балаларға адамдарға,жануарларға,құстарға су қажет пе? -Иә дұрыс айтасыңдар сусыз тірі зат тіршілік ете алмайды. Слайд: адамдардың күнделікті өміріне, жан жануарлардың су ішуіне, құстардың шомылуына, өсімдіктерді суаруға, т.б тіршілікке өте керек. -Балалар, ал сендер суды қалай пайдаланасыңдар? -өте жақсы. Балалар біздің далада өзен көлдеріміздің барлығы судан тұрады екен. -Балалар ал аспаннан не жауады екен? -Қармен жаңббыр да судан тұрады екен, олай болса жаңбыр жайлы сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті: Күннің көзі шың шың Терезені тың тың Жаңбыр жауды топ топ топ Шелек шелек көп көп Күн бағыстай өс өс Жоң арқанды тос тос Жаңбыр жауды топ топ топ Шелек шелек көп көп -Балалар су жайлы көбірек білу үшін қазір барлығымыз зертханаға барамыз. Зертхана дегеніміз ғалымдардың тәжірибе жасайтын жері, Тәжірибе жасау үшін сендер кішкентай ғалым болып маған көмектесесіндер. 1-тәжірибе: «Судың- иісі жоқ» Балалар сендердің алдарында ыдыстарда су құйылып тұр. Ыдысты қолымызға ұстап иіскеп көреміз. -Иісі бар ма? -дұрыс иісі жоқ 2-тәжірибе: «Судың дәмі жоқ» - Суды ішіп көріндер. - Дәмі бар ма? -Балалар қалай ойлайсыңдар егер суға қант салып көрсендер дәмі қандай болады ? ал тұзды салып көрсек дәмі қандай болады? -Балалар көрдіңдер ме судың дәмі болмасада да,дәмін өзгертуге болады |
қажет
Біз бетімізді, қолымызды жуамыз.
Жаңбыр мен қар жауады
Иісі жоқ
Ащы,тәтті
| |
|
3-тәжірибе: «Су- түссіз» -Балалар қарандаршы менің қолымда екі стақан бар. Қалай ойлайсыңдар оның ішіне не құйдым? -Дұрыс біреуіне су, ал екіншісіне сүт.
-Ал енді қарандаршы сүттің түсі қандай? -судың түсін ақ деуге болады ма? Жоқ себебі ол түссіз болады, Ойын: «Жаңбыр» -Балалар сендердің алдарында бояумен таяқшалар бар, Судың түсін өзгерте аламыз ба екен тексеріп көрейік..(Балалар бояуды араластырады) Балалар өазір ойын жаңбыр әнін айтайық.
4-тәжірибе: «Су күйі- сұйық, қатты» -Балалар қарандаршы мұнау не? -Мен мына стақаннан екінші стақанға құяйын(сапыру) -Су қандай? -Балалар тоңазытқышқа салсақ, суымыз қатып мұз болып қалады. -Тарелкеге салып көрсету. Балалармен жұмыс: Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Сендер су туралы айтып жатқандарынды естіп, сендерге келдім. -Балалар сонымен сусыз өмір сүре аламыз ба? -Өте жақсы -Балалар сендер сиқырлы су туралы естідідіңдер ме? -Онда қарандар «Ахалай-махалай» Сиқыршы: қызыл,сары,жасыл стақанға су құйып сиқырлайды. Сендер сондай ақылдысындар балалар, мпен басқада балаларға сиқыр жасауға кеттім, сау болыңдар! -Балалар сендер су жайлы мақал мәтел, тыйым сөздер білесіңдер ме?
|
Мұз,қатты Сұйық
Жоқ -Судың сұрауы бар. Су тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ Су тазалықтың досы. Су бар жерде өмір бар. Суды ластауға болмайды Суға түкірме. | |
Рефлексивті түзеу. |
Балалар бүгін сабақта не туралы айттық? Судың дәмдері қандай болады? Қайнамаған суды ішуге болады мА? Суды жайдан жай ағызуға болмайды. Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Сендер сабақта жақсы қатысқандарын үшін мынадай көңілді смайлйк беремін.
|
Су туралы Ащы тәтті Қайнамаған, лас суды ішуге болмайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Судың қасиеттерін білу.
Игереді: Тәжірибе арқылы судың өзгеруін игерді.
Меңгереді: Тәжірибе жасай білуге меңгерді.