Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
«Бар жақсылық,күллі әлемге тараған,
аналардың ақ нұрынан жаралған.
03 наурыз күні біздің «Шұғыла» шағын-орталығында аналар мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Оған «Ромашка» тобымен «Алма» тобының балалары және олардың әжелер мен аналар қатысты.
«Шұғыла» шағын-орталығының меңгерушісі Гүлдана Ануарбекқызы Аралова көктем мейрамымен
құттықтап және бала тәрбиесінде белсенді қатысқан ата-анларға мадақтау грамотасын табыс етті.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Халықаралық әйелдер күнінде ешкім жай қалмайды.Аналарын құттықтап ән айтып , тақпақтарымен өз қолымен жасаған сыйлықтарын аналарына арнады.
"Ромашка тобының ұлдарынң орындауында "Бабушки старушки" мен "Стирка" биімен тамашаласа , « Алма» тобының әкелері мен қыздарының вальс билегені екесе қуантты.
Әкелерінің ұйымдастыруымен суретке түсіріп балалардың ертеңгілігін естелікке қалдырды .