1наурыз күні
МКҚК «Шұғыла» шағын -орталығында кіші
топтық «Нұр Отан» партиясына 18 жылн
салтанатты атап өтті.
«Шұғыла» шағын-орталығының
меңгерушісі Гүлдана Ануарбекқызы Аралованың баяндауында: «Нұр Отан» партиясының
1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы
бойынша «Отан» партиясы құрылып, кейін ол Қазақстанның президенттік ірі
партиясына айналды. 2006 жылы «Отан» партиясының кезекті съезінде «Отан» РСП
аталуы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» болып, ал 2013 жылы «Нұр
Отан» халықтық-демократиялық партиясы» аталуы «Нұр Отан» партиясы болып
өзгертілгені туралы мәлімдеді.«Нұр Отан» партиясының саяси күші бар
болғандықтан, оны халықтың партиясы деп атауға болады. Осылайша қоғамдық
озат партиялар құрылған. Оған әр қазақстандық тұрғылықты орнына қарамастан өзі
үшін маңызды мәселелер бойынша жүгіне алады.
«Нұр Отан» -
халықтық партия. Партиямыздың негізін қалаушы, яки Елбасының саясатының
арқасында мемлекетіміз орнықты даму үстінде. «Нұр Отан»
Елбасының саяси ұланы ретінде,
биліктегі партия ретінде бүкіл
жауапкершілік салмағын сезіне отырып,
ұлттық патриоттық жұмылуға шақырады .. Партиямыз өзінің құрылған
күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды
жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде
жүзеге асырып келеді. Сондықтан бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелгенін
еске салды.
Бұдан бөлек, жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерге партия
билеттерін салтанатты түрде табыс етті, болашақта шағын-орталық қызметкерлері өтініштерін
білдіре алады. Сонымен қатар, кеңес бюросының отырысында «Нұр Отан» партиясының
сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарымен таныстырылды.