Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетеінің технологиялық картасы
Тобы:«Алма» жасаралас тобы
Тәрбиеші:Сұлтанова О.Қ
Күні:21.02.2017ж
Білім беру
саласы:Коммуникация
Тараулары:Драма
Тақырыбы:»Үйшік»
Мақсаты:
Білімділік:Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің
мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге
үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін,құрау қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету
Дамытушылық:.Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту.Таныс ертегінің
Соңын басқаша құрастыру,көркем-тілдік және орындау қабілетерін қалыптастыру,халық шығармашылығына қызуғушылықтарын таныту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.билингвалды компонент:Саяхат-путешествие,ертегі-сказка
Көрнекілік:»Үйшік» ертегісіне арналған маскалар,,шарлар
Тәрбиеші:-Балалар,бүгін бізге қоңақтаркеліпті,қане амандасайық!Бүгін бізде өзгеше сабақ болады,
-Қане,балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
Жылулық шенбері:
Біз қандаймыз.қандаймыз
Шұғыланы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді біз білмейміз,
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге
-Балаларсендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
-Иә, Қандай ертегілерді білесіңдер? –«Бауырсақ» «Шалқан»
«Қолғап», «Жеті лақ», «Үйшік», «Алдар Көсе». -Өте жақсы.Бүгін балалар біздер ертегілер еліне саяхатқашығамыз.Барғыларың келе ме?
-Иә, ендеше мына менің қолымдағы дорбашада осы
ертегілер елінің
кілті
бар кілтті алып ертегілер еліне аттанайық.
(Дорбашаны қарау)
Ой,балалар дорбашада
кілт жоқ,қайда кетті екен мен
мүмкін түсіріп алған шығармын,жоқ түсіруім мүмкін емес,келе жатқанымда Алдар
Көсені көргем мүмкін сол алған шығар
Сиқырлы
сәт.(Алдар Көсенің келуі)
-Мен Алдармын,Алдармын
Барлық жұртты Алдармын
-Сәлеметсіңдер ме?балалар
қалдарың қалай?Мен Алдармын байқамасаңдар
Бәріңді де Алдармын.
-Сендер ертегілер еліне саяхатқа бармақшысыңдар ма?
Ертегілер елін ашатын кілт менде,.Кілтті мен сендерге менің әкелген тапсырмамды орындаған кезде ғана беремін.
Алдар Көсенің тапсырмасы.
-Мынау менің шапаным сендер оны әдемілеп ,әшекейлеп берсеңдер
Ертегілер елінің кілтін беремін.
Білім беру саласы:шығармашылық
Тараулары:Аппликация
Тақырыбы:Алдар Көсенің шапанын әшекейлеу
Мақсаты: Білімділік:балаларды ертегіні тыңдай білуге баяндауға дағдыландыру; қағазды әртүрлі
тәсілмен бүктеуге, умаждауға үйрету; саусақ бұлшық еттерін жетілдіру; жапсыру
оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Дамытушылық:Балалардың шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін
дамыту;
Тәрбиелік: ертегінің жағымды
кейіпкерлерінен үлгі алуға тәрбиелеу.
-Ой балалар мен сендереге қуаныштымын менің
тапсырмамды жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге
мен ризамын.Ал енді мен сендерге кілтті беремін өзім үйіме қайтамын.Сау болыңдар балалар.
Сергіту сәті:
-Балалар міне қолымда кілт бар енді сендермен
ертегілер еліне саяхатқа аттануға болады.
-Ой қараңдаршы ертегілер елі қандай тамаша,
әдемі бізге мұнда жұмбақтар жасырыпты
.Ойын:Жұмбақтың шешуін тап.
1.Үйін жинап таңертең,
Мейіз тауып алыпты,
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі? (Мақта қыз бен мысық)
2.Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын,
Ары тартты,бері тартты
Тарта алмады,
Бұл қай ертегі? (Шалқан)
3.Апасынан қашып
кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып
кетті. Бұл қай ертегі. (Бауырсақ)
-Ертегілер елі өте әдемі екен ұнады ма сендерге
балалар?
-Ия
-Ал енді балалар
бізге тапсырмалар берілген екен.
-Қәне орындап көрейік.
Д.О:Ертегіні құрастыр.
-Үстелдің үстінде ертегілердің кесіндісі қиылып
жатыр –Осы ертегінің қимасын құратыру керек.
-Біз алдағы уақытта тағыда осы ертегілер еліне
саяхатқа келеміз
Енді біз тобымызға қайтайық.
Топқа келу.
Балалар сендер ертегілер елінде болдыңдар
ертегілердің аттарын тағы бір қайталап шығайық.
(Бауырсақ,Үйшік,Жеті лақ пен қасқыр,Шалқан,т.б)
Ендеше сендермен дайындаған Үйшік ертегісін
қойып сахналап берейік.
-Үйшік ертегісін сахналау)
Кейіпкерлері:Тышқан,Бақа,Қоян,Түлкі,Қасқар,Аю
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз,
Қашан да,қайда да,
Достар бір –біріңе
Сенімді болмыз.
деген ұранымызбен сабағымызды аяқтаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі мазмұнын толық жеткізуді біледі және
оны сахналай алады.
Игереді:Сахналау арқылы мазмұнын игереді,
Ауызекі сөйлеу,еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Меңгереді:Ертегіні зейін қойып тыңдап,
Кейіпкерлердің көңіл күйін және кейіпкерлерін
сомдауды меңгереді.