АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тілдер күні мерекесі"

24.09.2020

Тәрбиелік сағат: «Тіл мерекесі».

Тәрбиеші: -Қайырлы күн. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Алма» тобының мерекелік тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Тәрбиеші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

1-бала Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

2-бала Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

3-бала Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

4-бала Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

Тәрбиеші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән топ: «»

Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.

Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.

Тәрбиеші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!

Би: «Қазақ биі»

Сүйесің өз тіліңді]

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді

2-бала

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

3 бала

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Ару Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?

1-бала Сөз асылы – мақал.

2-бала. Өнер алды қызыл тіл.

3-бала. Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық

Тәрбиеші:

Ана тілім- өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңдесемде жарасар,

Ана тілім –баға жетпес өнерсің.

Ән: «Жас дәуірдің түлегі»

Тәрбиеші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

1-бала.

Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам.

2-бала.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

3-бала.

Ана тілім –елдігім

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін

4-бала.

Ана тілім-тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші: Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст