Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Тәрбиеші: Шарипова Г.З.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі : Дене шынықтыру
Тақырыбы: негізгі қимылдар
Мақсаты: шапшаң және баяу қарқынмен ауыса отырып жүгіру. Шеңбердің ішінде негізгі қимылдарды орындау.
Балалардың жағымды эмоционалды жағдайы.
Құралдары: доп.
Билингвалды компонент: доп-мяч.
Мотивациялық-қозғаушы
Кіріспе бөлім:
Сабаққа дәрігер кіреді.
-Балалармен амандасу.
-Сәлеметсіңдерме балалар!
-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?
-Қолдарың таза ма? (қолдарын тексереді)
- Балалар, мен бүгін сендермен сабақ өткіземін. Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық күні».
-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.
-Сәлеметсізбе!
-Көңіл күйіміз жақсы.
Ұйымдастыру
Іздестіру
Шеңбер бойымен жүру, жүгіру.
Жаттығуларды атайды.
1. Аяқ иық енінде, қол белде, бастың айналмалы қозғалысы.
2. Қолды иыққа тіреп, қолыңызды жоғары көтеру және төмендету.
3. Аяқ иық енінде, қол белде, оңға және солға бүгілу.
4. Шеңберде тұрып допты бір-біріне беру.
5. Секіру.
Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.
Ойын: «Мысық пен тышқандар» ойынын ұйымдастыру.
Мақсаты: белгі бойынша әрекет ету.
Балаларды қолдау және мадақтау.
Рефлексивті-түзетушілік
- Қоштасу
-Сау болыңдар, балалар! Витаминдерді ішіңдер! Гигиеналық ережелерді сақтаңдар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сапқа тұруды.
Игереді: топта бірге жұмыс істеуді.
Меңгереді: ересек адамның бұйрығын орындауды.