АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "ШҰҒЫЛА" МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН-ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДОШКОЛЬНЫЙ МИНИ-ЦЕНТР  "ШҰҒЫЛА"  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні!

30.11.2020

Тәрбие сағат тақырыбы: 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Мақсаты: Балаларға Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Елбасыны құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Ұйымдастырушы кезең:

Әнұран.

Тәрбиеші: Балалар 1-ші желтоқсан- тұңғыш Президент күні.

Қазақстан Республиқасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті. Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбекқор ақыл- парасатымен үздік оқу орындарын бітіріп, 1991 жылы Қазақстан Республиқасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Республиқасына адал қызмет етіп жүрген елбасы. Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.  1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 
 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов. Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Тәрбиеші: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.

Енді біздің тобымыздың балалары тақпақ айтады.

Зейнеп

Ұлттық өрнек мұрамыз,

Адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз,

Жалауды біз құлатпай.

Төреғалі

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.

Жансель

Тәуелсіздік көркі ол,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

Дінмұхаммед

Отан ыстық ұямыз

Жүректе отан тұрады.

Отан маған пәк ана,

Мен отанның ұланы.

 

 

 

Жарайсыңдар балалар. Енді сұраққа жауап берейік.

  1. Қ.Р. Президенті кім?
  2. Қ. Р. Рәміздерін ата?
  3. Н. Ә.Назарбаев қай қалада тұрады?

Тәрбиеші:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Тәрбиеші:
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
-    Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
-    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
    1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?ü
    2. Біздің Елбасымыз кім?ü
    3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?ü
    4. Біздің тіліміз қандай?ü
    5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?ü
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).

Тәрбиеші: Балалардың орындауында ән - Ән  «Отаным»
Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
-    Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. 

сабағымызды аяқтаймыз.

 

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст