Текст
2019 жылы 18-19 сәуірде "Шұғыла" шағын орталығында "Ашық есіктер күні" өткізілді. Бағдарламада: ашық сабақтар, шағын орталық бойынша экскурсия, шағын орталық ұжымымен әңгімелесу, пікір алмасу, көрмелермен танысу, режимдік сәттерді көру. Таңертеңгілік балалар мен ата-аналары көңілді музыкамен қарсы алынды. Ата-аналары балаларын топқа апарған соң, көрмелерді тамашалап, ата-аналарға арналған кеңестермен танысты. Педагогтер ИКТ қолдана отырып, қорытынды ашық сабақтар өткізді. Күні бойы ата-аналар назарына сол күнгі ас мәзіріне сәйкес тағамдар қойылды. Ашық есіктер күні соңында қорытындылар шығарылып, ата-аналар ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.